Қуат Хамитов футболшыларға халықтың ақшасына қол сұғуды тоқтатуды ұсынды

Белгілі ММА шебері, қазақстандық Қуат Хамитов барша қазақстандық футболшыларға үңдеу жолдап, ерекше ұсыныс жасады.
Спортшы бүгінде миллиондап ақша алып отырған футболшылар ұсыныс жасап, жемқорлықты дер кезінде тоқтатуды ұсынды.
Жігіттер менің сендерге айтарым бар. Мен футболға байланысты мәселелерді 2016-17 жылдардан бері қозғап келемін. Содан бері араларында маған жауап қатар бір еркектің табылмағандығына таным бар. Футбол төңірегіндегі азаматтарға меңзеп отырмын. Барлығын ауылдансыңдар ғой! Қазақстанның ауылдарында қазір жол жоқ, медицина жоқ, одан тағысы жастар жұмыссыз сенделіп жүр. Осыны біле тұра, араларыңнан біреуін — Жігіттер халықтың ақшасына қол сұғуды доғарайық деп айтуға шамаларын жетпей ме? 30 жылда футболға 1,5 млрд ақша кетті. Ал бізде айтарлықтай нәтиже жоқ. Бұл жемқорлықты дер кезінде тоқтатайық, — деді Қуат Хамитов.
Фото: instagram.com/kuat__khamitov