Бас прокуратура: Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталды

Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған. Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев растады.

«Қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Расымен, Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталды. Бекетаев елден жасырынуға тырысқан кезде ұсталды. Қалған ақпарат сотқа дейінгі тергеу деректері болғандықтан, жария етілмейді», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Әділет министрін өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын.