Тәжікстанда ресейлік ұшақ толықтай жанып кетті

Ресейдің Ил-76МД әскери-көлік ұшағы Душанбедегі әскери аэродромнан жоғары көтерілген уақытта жанып кетті.Бұл туралы Aviaincident Telegram арнасы хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ жылдамдық ала бастаған кезде дөңгелегі жарылып, одан кейін өрт шыққан. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шыққан уақытта толығымен жанып кеткен.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бортта 8 адам болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.