Тоқаев СҚО-ның су басқан аумақтарын айналып өтті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлаqды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар Қызылжар ауданында, Петропавл маңында, сондай-ақ Сергеев су қоймасында ұшудан басталды. Облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетов Президентке су тасқыны толқыны Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қалалары бойынша өтіп жатқанын баяндады.

Айта кетсек, ТЖ режимі алты ауданда жарияланды. Бүгінгі таңда 2000-нан астам тұрғын үйді су басып, 10 345 адам эвакуацияланды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 5270 адам және 906 бірлік техника жұмылдырылды. Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия құрылды.