«Азат рухтың Абылай ханы» атты республикалық ақындар айтысы

Ақмола облысы әкімдігі қолдауымен Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы 2023 жылдың 20 қазан күні Қазақстан Республика күніне және ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Азат рухтың Абылай ханы» атты республикалық ақындар айтысын өткізеді.

Іс-шараның басты мақсаты: айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту.

Айтысқа Астана қаласы, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай, Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарынан ақындары қатысады.

Айтысты қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін мәдениет пен өнер қайраткерлерінен қазылар алқасы құрылады.

Айтыстың қорытындысы бойынша ақындар ақшалай сертификаттармен және ұйымдастыру алқасының дипломдарымен марапатталады.

 

Өтетін күні мен уақыты:

20 қазан 2023 ж., сағ: 15.00

Өтетін орны: «Көкшетау» мәдениет сарайы

 

 

Республика күніне және Абылайханның 310 жылдығына арналған «Азат рухтың Абылай ханы» республикалық ақындар айтысына қатысушылар тізімі

  1. Мұхтар Ниязов – Қызылорда қаласы
  2. Иранғайып Күзембаев – Астана қаласы
  3. Аспанбек Шұғатаев — Павлодароблысы
  4. Тоба Өтепбаев – Қостанай облысы
  5. Жұмабек Рахимов – Солтүстік Қазақстан облысы
  6. Жақыпбек Нұрмахан – Түркістан облысы
  7. Жақсылық Орынбасарұлы – Алматы облысы
  8. Екпін Сәбетхан – Ақмола облысы
  9. Ерлан Дәулет – Ақмола облысы
  10. Конкаев Мұхамед – Ақмола облысы
  11. Құралхан Құрметхан – Ақмола облысы
  12. Сарқытбек Нұрдыбекұлы – Ақмола облысы