«Кітап – әр адамның өмірлік досы»

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Кітап – әр адамның өмірлік досы» демекші, дaнaлықтың қaйнap бұлaғы, биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы кітапхана ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы негізгі алтын көпір болып келеді.

Кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру мақсатында күні кеше Қазақстан Республикасы Үкіметінің «24 қазан – Кітапханашылар күні» жаңа кәсіби мерекесін жариялауы бүгінде ғасырға жуық тарихы бар білімнің, елімізді, егемендігімізді танытатын рухани орда қызметкерлері – кітапханашыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен құрметтің белгісі.

Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.

Бүгін Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Кітапханашылар күні кәсіби мерекесіне орай облыстың 17 ауданы мен 3 қаласынан кітапханашыларының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Мереке қарсаңында кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлесі мен жеке еңбек және шығармашалық үлестері үшін облыс кітапханашылары Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шараға арнайы шақырылған құрметті кітапхана саласының ардагерлері осы мерекені көптен бері аңсағандарын атап өтті. Адамзат дамуына, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер қауымына гүл шоқтары табысталды.

«Сіздерге ғылыми жәнe aғapтyшылық қызмeті жолында хaлықты мәдeни тәpбиeлeу, рухты ұрпақ өсіруге ықпал етіп, Отанымыздың бай, әрі көрнекті мәдени құндылықтарын дамытудағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін», деп Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова ыстық ықылас алғысын білдірді.

Мәдениет қайраткері, кітапхана саласының үздігі Жағыпарова Алтын Иришевна, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Оспанов Қуаныш Ерғалиұлы және Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподақтар федерациясының Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Шалабаев Димаш Мұхамедалиұлы кітапхана саласын қызметкерлеріне жылы лебізді тілектерін арнады.

Жас кітапханашылар Қыстаубаев Нұрлан Олжабайұлы, Назыбаева Жанель Қайдарқызы, Нұрмаш Алмас Нұрмашұлы, Нүріш Оралбек Ісімұлы қазақтың ұлы ақындары Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Абай Құнанбаев шығармашылығынан өлең жолдарын оқыды.

Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты. Концерттік бағдарламаны Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солистері Жанар Сақтағанова, Ләззат Идрисова, Дмитрий Петюль, эстрада жұлдызы Жаңарту Бекмұрат, Республикалық байқауларының лауреаты Ермек Қасым және Бауыржан Нұрымбетов ұсынды.

Көркем ой құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, руханият игілігі жолында ұлағатты іс тындырып келе жатқан кітапханашылардың еңбектеріне шығармашылық табыс, орасан зор еңбектеріңізге тамаша бастамалар тілейміз!