Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді.

Өткен аптада Алматыдағы емханалардың бірінің темекі шегу бөлмесінде ер адам әйелге шабуыл жасап, 8-10 жерінен пышақ жарақатын салған. Оқырмандардың айтуынша, қылмыскерді сол маңдағы компаниялардің бірінің жүргізушісі ұстаған.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.

«Осы факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы «Қылмысқа оқталу» және Қылмыстық кодекстің 99-бабында «Адам өлтіру» көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр», — делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.