«Күйеуін көрсетуге ұялады»: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзі туралы қаңқу сөз тасығандарға жауап берді

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық бейнежазба жариялады.

Бейнежазбадан актрисаның күйеуімен және қызы Аянатпен табиғат аясында демалып жүргенін көруге болады.

Жұлдызай Дүйсенбиева желіде күйеуімен және қызымен бірге түскен бейнежазба жариялады. Актриса бұл видеомен өзі туралы қауесетке нүкте қойғысы келгендей көрінді.

“Махаббат еркіндікте болуы керек. Ғашық болу – ешкімнен қысылмай, еркелеп жүру. Жүрегім махаббатқа толы, шүкір. Бір-ақ жанға ғашықпын. Ол күннен-күнге күшейіп барады”, – деп жазба қалдырды актриса.

Сондай-ақ ол күйеуінің суретін жариялап: “Жұлдызайдың күйеуі жоқ, жасы үлкен біреуге шыққан, содан көрсетуге ұялады екен” деп сыртымнан өсек айтып жүргендер үшін”, – деп жазды.