Қазақстанда Энергетика министрлігінің мессенджерлеріне хакерлік шабуыл жасалды

Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов бұзылған нөмірлерден түрлі зиянды сілтемелер мен жалған ақпараттар келуі мүмкін екенін ескертті.

«Мұндай хабарламаларға сенбеңіз және оларды елемеңіз. Қазірдің өзінде мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», — деді Энергетика министрлігі.