«Жалақысыз жұмыс»: Кемелбек Ойшыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Кемелбек Ойшыбаев Қазақстанның Ұлттық медиа ассоциациясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

«Менің кандидатурамды ұсынған әріптестеріме жане барлық 100 пайыз дауыс беріп қолдаған ассоциациясының мүшелеріне алғысымды білдіремін.

Республикалық телеарналар мен жарнамалық агенттіктерді біріктіретін медиа ассоциаясының алдында саламызға қатысты маңызды талаптар қойылған. Оның қатарында БАҚтардың мүддесін қорғау, медиа-өнімдердің халықтың тарапынан қабылдануын зерртеу, медиа-өлшем өткізу жұмыстарын ұйымдастыру кіреді.

Медиа ассоциациядағы қызметім жалақысыз болатынына келістік, себебі менің басты талабым ол жұмысты өзімнің жеке шаруаммен қатар жүргізіп отыру мүмкіндігі болатын.

Бастысы, мемлекеттік қызметтен кеткеніме қарамастан, БАҚ саласының дамуына өз үлесімді әрі қарай қосып отыру мүмкіндігі болғаны. Барлық әріптестеріме тағы да алғысымды білдіре отырып, алдыма қойылған мақсаттарды орындауға бар күшімді салатынымды жеткізгім келеді»,– деді ол.

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылған еді.