Сарыағашта зорлықпен өлтірілген 5 жасар қыздың әкесі қылмыскердің үйін жермен-жексен етуді талап етіп отыр

Сарыағаш ауданында кісі қолынан қаза тапқан Еркежан Нұрмаханның әкесі үкіметке өтініш білдірді. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұржан Ережеповтің айтуынша, баспана маскүнемдер мен үйсіз-күйсіздердің ордасына айналған. Ол қасіретті жағдай қайталанады деп қорқады.

“Бірнеше күн бұрын көршілерім маған қоңырау шалып, үйде жарық жанып тұрғанын айтты. Көршілерім ол үйге бас сұғып, арақтың шөлмегі мен стақандар жатқанын көріпті. Бірақ іште ешкім болмаған. Бұл үй қазірдің өзінде маскүнемдердің ордасына айналған. Біз Үкіметтен бұл үйді толығымен сүріп, ал жер телімін өз меншігіне алуды сұраймыз. Халыққа пайда әкелетін орын болсын. Бұл үйді міндетті түрде жермен-жексен ету керек. Тіпті маған биліктегі адамдар оның үйін бұзамыз деп те уәде берген. Үй өте ескі, онда тұру мүмкін емес. Алқаштардың жын-ойнағы десе де болады”, – дейді Нұржан Ережепов.