Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады

Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге шектеу қойылады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.

Осы шектеудің орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.