Ақтауда 29 жастағы жүргізуші экскаваторымен Каспий теңізіне кірген

28 тамызда Каспий теңізіне экскаватордың кірген видеосы әлеуметтік желіге тарады. Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

«Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды» делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.