Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қызды тоқ соқты

Оқиға Ұзынкөл кентінде орын алған, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігі (кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.