«Ақысын төлеймін»: Қасым-Жомарт Тоқаев қолөнершінің жұмысын тегін алудан бас тартты

Президент телерадиокешені Астанада өткен Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесінен қызықты бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

«Мен ешқашан тегін алмаймын. Қазақстандағы көрмелер кезінде де барлығының ақысын төлеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.