Талғат Рысқұлбеков қызына мектепте орамалға рұқсат бермесе, Шешенстанға көшемін дейді

Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туған інісі «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков қызына мектепте орамалға рұқсат бермесе, Шешенстанға көшемін дейді.

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Неше күннен бері әлеуметтік желіде орамал дауы болып жатыр. Жылда болады. Сабыр еттік. Бірақ бір нәрсе ақиқат. Біз жыл откен сайын қарсы болған сайын азап келе ма, деп қорқамын… 1 қыркүйек қызымды орамалмен мектепке апарамын. Кіргізбесе видеоға түсіремін. Ал қызыма орамалмен білім алуына рұқсат бермесе, Ин ша Аллаһ Шешенстанға көшемін. Олар орамалмен оқытып жатыр. Менімен ілесем дегендер, маған хабарласыңдар», — деді Талғат Рысқұлбеков.