Қарағанды облысының Шет ауданы Ағадыр кентінде атыс болып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Атыс сәті түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Видеодан қолына қару ұстаған ер адамдар көрінеді.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство жанжалға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Оқиға салдарынан ер адам медициналық мекемеге аяғына оқ тиіп түсті.
«31 Наурызда Ағадыр кентінің медициналық мекемесіне жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді. Полицияда кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды», — делінген хабарламада.
Ведомство бұл қылмыстық істі тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Фото: видеодан алынды
ПІКІР ЖАЗУ