Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ «НОВОПЭК» компаниясының базасында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлап отыр.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмысқа орналастыру, өндірістегі жұмыстың көрсетілімі, сондай-ақ өзінің ашық бос жұмыс орындары мен жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктер туралы әңгімелеу болып табылады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде электрик, дәнекерлеуші, механик және т.б. мамандар бойынша ұсынылатын болады.
Аталған шараға «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК, «Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі», Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Красный Яр ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК, «Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжі», «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің 3-4 курс студенттері, жастар арасындағы жұмыс іздеушілер, БАҚ өкілдері және «НОВОПЭК» компаниясының қызметкерлері қатысады.
Өтетін күні мен орны: 2023 жылдың ақпан айының 3күні, сағат 10:30-да Көкшетау қ., 20-шы жол, Шығыс (өнеркәсіптік аймақ).
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі (байл.тел.50-72-69)
ПІКІР ЖАЗУ