Кредитті тиімді жолмен жабудың әдістері қандай?

Ашық дереккөз

Бір банктың қарызын өтеу үшін өзге банктен кредит алатын жандарды көріп жүрміз. Дегенмен, бұл тығырықтан шығатын жол емес. Сондықтан тиімді тәсілдерді үйренген жөн. Бұл туралы Dauletten WhatsApp арнасында жарияланды, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

  1. Сараланған төлем әдісін таңдаңыз

Кредит алғанда аннуитет емес, сараланған (дифференциалды) төлемді таңдаған тиімді.

  • Алғашқы айларда көбірек төлеуіңіз мүмкін, бірақ жалпы пайыздық төлем аз болады.
  • Бұл әсіресе ұзақмерзімді ипотекада тиімді.
  1. Ай сайын қосымша ақша аударыңыз

Қол бос кезде аз сома болса да (5000–10000 теңге) артық төлеп отырыңыз — бұл мерзімді де, артық төлемді де азайтады.

  1. Төлемнің ең көп бөлігін негізгі қарызға бағыттаңыз

Банкке арнайы өтінішпен жүгініп, артық төлемді пайыз емес, тікелей негізгі қарызды жабуға бағыттауды сұраңыз.

  1. Қайта қаржыландыру (рефинанс)

Басқа банктен төмен пайызбен кредит алып, бұрынғы қарызды өтесеңіз – ай сайынғы төлеміңіз азаяды.

  • Мысалы, 24% болған қарызды 17% мөлшерлемемен жабу – ондаған мың теңге үнем.
  1. Төлемді автоматтандырыңыз

Кешігу – айыппұл, ал айыппұл – қосымша шығын. Сондықтан автотөлем орнатып қойыңыз.

Кредит алған соң оны тезірек төлеп тастауға асығыңыз. Өйткені арман-мақсаттарыңызды тұсаулайтын қарыздың қамыты екенін естен шығармау керек.