Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданына қарасты Көрпе ауылы маңында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды. Бұл оқиға Самара–Шымкент бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолдың аталған ауданнан өтетін бөлігінде болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Anyqtime.kz пориалына сілтемемен.
MADENIPORTAL.KZ дерегінше, жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан. Полиция департаменті мәлім еткендей, автобус жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Апат болған сәтте автобуста алты жолаушы отырған.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қарсы бағыттан келе жатқан жүк көлігімен арақашықтықты сақтамай, оның тіркемесінің бүйірінен соққан. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, жүргізуші оқиға орнында жан тапсырған. Абырой болғанда, жолаушылар ешқандай жарақат алмаған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру