Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау жаңа деңгейге көтерілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафиннің мәлімдеуінше, биыл ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері едәуір артты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Ozgeris.info.
Министрдің айтуынша, ардагерлерге қолдау шаралары тек республикалық деңгейде емес, жергілікті әкімдіктер тарапынан да жүзеге асырылады. Бұл олардың әлеуметтік жағдайын тұрақты түрде жақсартуға бағытталған қадам.
– Биыл 1 қаңтардан бастап төлем мөлшері базалық зейнетақы бойынша 6,5%-ға және ынтымақты зейнетақы бойынша 8,5%-ға өсті. Қабылданған шаралар халықаралық тәжірибеде ұсынылатын табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін (40%) орындауға мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш елде 54,8%-ды құрады, – деп вице-министр.
Сонымен қатар Қазақстанда азаматтардың 19 санатына арнайы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Бұл төлемдер басқа әлеуметтік жәрдемақылардан бөлек есептеліп, ерекше қолдау ретінде беріледі.
– 2025 жылғы 1 мамырда ардагерлер алатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңгені, тыл еңбеккерлерінің жиынтық мөлшері 179 мың теңгені құрады, – деп қоса кетті Олжас Анафин.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру