Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады.
ПІКІР ЖАЗУ