Желіде жұртты сүйсіндірген жас қыздың қарияны қорғау үшін автобус еденін сүртіп жатқан видеосы тарады. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
Автобусқа мінген қария байқаусызда тосап төгіп алған. Оның мұнысын көрген орта жастағы жолаушы әйелдер қарияны айыптай бастаған. Автобус едені бүлінгені үшін қарияны жерден алып, жерге салып жатқанда, жас қыз күтпеген жауап қайтарды.
Белгісіз әйел «Анау төгілгеннің бәрін кім жөндейді?» деп шамданғанына, қыз «Мен жөндеймін. Бұлай болмайды, адамгершілік болуы керек қой», деп жауап қайтарып, еденде төгілген тосапты үстіндегі жейдемен сүрте бастайды. Мұны көрген жолаушылар қызды балағаттайды.
Ал желі қолданушылары керісінше, жас қыздың бұл ісін бір ауыздан қолдап, оның бұл әрекетіне таңданып жатыр. Бейнежазбаның астындағы пікірлерде қолданушылар «Қандай ақылды қыз, бәріне қарсы шықты!”, “Өмір жолында жақсы адамдар көп болсын!», “Бәріміз бір күні қартаямыз, ата жамандық жасамады” деген тілегін жаудырды.
ПІКІР ЖАЗУ