Әбдіжаппар Әлқожа жаңа әнінен үзінді жариялады. Бәйбішеге арналған ән желіде екіұдай пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ол «Бәйбіше» деп аталатын әнінен үзінді жариялап: «Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер»,- деп жазба қалдырған.
Әннің мәтініндегі: — Жан әлемің әдемі, соған қарармын, Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын. Негізінде, мен саған, жаным адалмын, Оған да адалмын, саған да адалмын», — деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.
«Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа»; «Тоқалдарға точно ұнамайды»; «Оған да адалмын дегені қалай кетті?!» «Тоқалың бар ма?», — деп жазды желі қолданушылары.
Әбдіжаппар болса, басындағы бір әйелімен бақытты екенін айтқан.
ПІКІР ЖАЗУ