Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының 2-күні өтіп жатыр. Бүгін осы бәсекедегі Ұлттық құрама көшбасшысы Алина Дауранова мың метрге жарыста 2-орын алды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо ақпараттық-сараптамалық портал Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз бір шақырымды 1:17.76 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған нидерландтық Энджел Дэйлманнан 1.47 секунд қалып кетті. Үздік үштікті америкалық Грета Майерс түйіндеді.
Айта кетейік, Алина былтыр Аустрияның Инсбрук қаласында өткен әлем чемпионатында дәл осы 1000 метрге жарыста күміс жүлде жеңіп алған.
Инцелль қаласындағы бүгінгі жарыста қазақстандық Арина Ильященко 13-ші, Алена Лифатова 19-сатыдан көрінді. Жалпы бұл жарыста 49 спортшы қатысты.
ПІКІР ЖАЗУ