Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ және Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы» КММ-мен бірлесе, ағымдағы жылдың қаңтар айының 21 жұлдызында сағат 11:30-да 15*30м көлеміндегі Мемлекеттік Туды Бурабай өлкесінде шығару акциясын ұйымдастаруды жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты еліміздің ең үлкен туын әсем табиғат төріне жайып дүние жүзіне паш ету арқылы, халқымыздың оның ішінде әсіресе жастардың патриоттық сезімін жоғарлатуға, саяхат арқылы тарихымызды үйренуге және сонымен қатар табиғатымыздың тазалығын қорғауға шақыру болып табылады.
Туды екі локацияда ашу жоспарлануда. 1-локация — «Жұмбақтас» жартасы сағат 11:30-де, 2-локация – «Абылай хан» алаңы сағат 14:30-да.
Акцияға өңіріміздің волонтерлері, Мәдениет басқармасы, Спорт басқармасы және Ақтау, Атырау, Алматы, Астана және Қарағанды қалаларынан келетін волонтерлер қатысады.
Ізгі құрметпен,
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
ПІКІР ЖАЗУ