ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БРОКЕРЛЕР «KASE FEST» ЖӘРМЕҢКЕСІ КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТТІ

2022 жылдың 28 қазанында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде қазақстандық брокерлердің «KASE FEST» жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара Дүниежүзілік қор биржалары федерациясының (WFE) жыл сайынғы World Investor Week 2022 бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат-қазақстандық қор нарығында сауда-саттықты насихаттау, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық компанияларының IPO қарсаңында әлеуетті инвесторлардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру.

Жәрмеңкеде қатысушылар «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК басшылығымен кездесті. Қазақстандық қор биржасының сарапшылары шеберлік сыныптарын өткізсе, ал Қазақстанның жетекші брокерлері қатысушыларға IPO деген не және ол не үшін жүргізілетіні, инвестордың IPO-ға кірісі неден қалыптасатыны, инвестициялаудың қандай тәуекелдері бар, нарықта жұмысты қанша сомадан бастауға болатындығы және т. б. туралы айтып берді.

«KASE, Самұрық-Қазына, ҚазМұнайГаз, Қазпошта және брокерлік компаниялардың өкілдерінің келгені үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі кездесу бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы, атап айтқанда алдағы ҚазМұнайГаз IPO туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Біз үшін мұндай іс-шараны өткізу үшін КАЗГЮУ алаңы таңдалғаны өте маңызды», — деді М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ провосты Сергей Пен.

Студенттер KASE mobile мобильдік қосымшасында KASE бағалы қағаздар нарығында онлайн оқу сауда-саттығына қатысудың бірегей мүмкіндігін пайдаланды. Ол өзін инвестор ретінде алғаш рет сынап көруге шешім қабылдағандар үшін таптырмас көмекші.

Биржалық симулятор — бұл 2008 жылдан бастап студенттер үшін жүргізіп келе жатқан қаржылық сауаттылықты арттыру биржа жобасы. Соңғы жылдары жобаға қатысу KASE Mobile қосымшасы арқылы жүзеге асырылуда. 2022 жылы Биржа қосымшаның қызметін өзгертті, енді кез-келген инвестор нарыққа шықпас бұрын виртуалды сауда-саттыққа қатыса алады, осылайша болашақта нақты сауда-саттықта аз қателіктер жіберіледі.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші орында және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орында. Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы. KASE Халықаралық биржалар федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның «Тұрақты даму үшін қор биржалары» бастамасының қатысушысы.