Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесті. Ол кездесу барысында бірнеше маңызды мәселені көтерді. Соның бірі — аурухана салу мәселесі .
—Менің тапсырмам бойынша Семейде онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы пайдалануға берілді. Балаларды оңалту орталығы салынып жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 65 нысан салынады. Біз ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарымызды оңалту мәселесіне баса мән беруіміз керек, – деді Президент.
ПІКІР ЖАЗУ