БҚО Ақсай қ. және Бөрлі ауданы әкімдері, «Жайық Сити» ЖШС-і қашан асфальттауды бастайды?

«Әділдік жолы» РҚБ-і БҚО филиалы goszakup.gov.kz порталын зерттеп және Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласына барып, келесіні анықтады:

31.05.2022 ж. Бөрлі ауданының Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы бөлімі«Жайық Сити» ЖШС-мен 148 512 000 теңгеге Ақсай қ. Жастар көшесін 2 км. күрделі жөндеу туралы шарт жасаған.

https://goszakup.gov.kz/ru/egzcontract/cpublic/show/15286068

Мерзімі 7 ай, аванс 26,6 млн. төленген.

Дегенмен, біз 3 ай өтсе де көшеде жөндеудің әлі басталмағанын, техника мен жұмысшыларының жоқ екенін анықтадық, бұл болса шарт міндеттерін бұзу.

Ақсайдың халқы осыған ренжулі, себебі жұмыстар күзде басталады, балшық болады, көше жабылып, балалардың мектепке баруы қиындайды.

Олар әкімдіктің осыны қадағаламай отырғанын, лауазымды тұлғалардың құрылыс компаниясына көмектесетінін және шарт міндетін орындамауына көз жұматынын жеткізді.

Сондай-ақ, Жанаталап (22 млн.) және Линейная (62 млн.) көшелерін «орташа жөндеу», 7, 9, 11 мкр. (581 млн.) және 12, 13 мкр. (944 млн.) «жол құрылысы» жоспарланған.

 

Бірақ, тұрғындардың айтуынша, Жанаталап пен Линейная көшелеріне жөндеу қажет емес, ал оны біз жүріп байқадық.

Ақсай қ. әкімі Арсен Баяндыков, сіз қаланы айналып қарайсыз ба? ЖШС мерзімінде жоба, стандартқа сай асфальтты төсеп үлгереді ме?

Аудан әкімі Еркебулан Ихсанов, сіз қаланы абаттандыруды бақылайсыз ба? Неге бюджеттен ақшаны алған компания осы күнге дейін жұмысты бастаған жоқ?

Кемшіліктерді прокуратураға және уәкілетті органға жолдадық.

Ұқсас бұзушылықтарды 1463 номеріне және adildik.kz сайтына жолдаңыз.

Бейқам болмайық!