Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров әскерде қатардағы жауынгерлерге қатысты уставтан тыс қатынастартың ушығып тұрғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Ұлдарын мемлекетке сеніп тапсырған аналар оларды жоқтап жыламауы керек! Соңғы кездері Қарулы күштердің беделі түсіп барады. Балалардың әскер қатарына баруға зауқы жоқ.
Өйткені, өкінішке қарай, онда келеңсіз оқиғалар жиі кездеседі»,– деді ол.
Депутаттың айтуынша, қазақ әскерінің абыройын арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз керек.
«Қарулы күштер біздің қалқан екенін естен шығармау қажет. Оның беделін арттыру– барлығымызға ортақ міндет. Сонымен бірге, Қарулы күштер басшылығы мен командирлер қатардағы жауынгерлердің өмірі мен моральдық бет-әлпеті үшін жауапты екендігін ұмытпауы тиіс»,– деді Ерлан Сайыров.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылған 18 жастағы сарбаз Әлібек Қалбай көз жұмған болатын.
Mvd ga emes askerge konil bolu kerek polizija bizdi korgai almaidi kroshe polizijadan tolk joh, olar mitingige shihandardi ustaidi hudalaidi, banditterdi ustai almaidi oitkeni totalni korupzija mvd kak buringi nkvd