Кәрім Мәсімовке тез арада медкөмек көрсетілуі тиіс. Мәсімовті абақтыдан босатып, ауруханаға жеткізу керек. Бұл туралы әзір ғана karimmassimov.com сайты хабарлады.
Кәрім Мәсімов көптен бері созылмалы кеселмен күресіп келеді, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан.
Әлгі ауру Мәсімовтен былтырғы жылдың көктемінде анықталған екен.
Абақтыға қамалғалы бері Мәсімовтың жағдайы күрт төмендеп, ескі сырқаты қайта қозыпты.
«Заң бойынша қоғамға зияны жоқ, ауыр дертке шалдыққан тұтқындар түрмеден босауға құқылы. Мәсімовтың жағдайын білетін дәрігерлер оны дереу босатуды талап етуде. Тиісті ем-дом жасалмаса, айырылып қалуымыз мүмкін…», — дейді ҰҚК-ның экс-төрағасына тиесілі сайт.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ