Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
ПІКІР ЖАЗУ