Бүгін астаналық оқушылар қашықтан оқиды

Фото: Pixabay.com

Ертең, 22 қаңтар күні Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі

Астана қаласының әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты кей сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады.

«2025 жылғы 22 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, синоптиктер Астанада алдағы күндері аяз күтіледі деп болжады.