«Сұмдық!»: депутат «қағаз жүзінде» отырғызылған миллиондаған ағашты таппады

Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжілісте экологиялық заңнамаға енгізілетін түзетулерді талқылау барысында депутат Бақытжан Базарбек бюджет қаражатының талан-таражға түскенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2020 жылы орман қоры аумағында 2 млрд, ал елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу жоспарланған.

«Мен арнайы тексердім: осы 2 млрд пен 15 млн ағаш қайда? Барлық әкімдіктерден ресми жауап алдым. Сұмдық қой, 15 миллионның орнына 3 миллионы да жоқ. Ал миллиардтаған ағаш туралы айтудың өзі артық», – деді депутат.

Ол бұл мәселені кім бақылап отырғанын және неге ешкім жауапқа тартылмағанын сұрады.

Экология вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, жұмыстар жалғасып жатыр, ал министрлік жақын күндері толық ақпарат беруге дайын.