Риддер ЖЭО-дағы апат кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы не белгілі

Фото: Infor.kz

Дәрігерлер жылу электр орталығында ТЖ кезінде күйік алған алты зардап шегушінің жағдайы туралы айтып берді, деп Ozgeris.info тілшісі ORDA порталына сілтеп.

Еске салайық, кәсіпорындағы апат 21 желтоқсан күні таңертең болды. Жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде таспалы тасымалдаушының учаскесінде шаң-ауа қоспасы жарылып, нәтижесінде алты адам күйік алған. Ауыр жарақат алғандар санитарлық авиация арқылы Өскеменге жеткізілді.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, зардап шеккендер реанимациядан жалпы палаталарға ауыстырылды.

«Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жанайдар Мусиннің мәліметінше, үш пациенттің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төнген жоқ. Пациенттер жалпы палатаға ауыстырылды.

Риддер қалалық ауруханасының анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Марал Төлеубаева үш науқас жалпы палаталарға ауыстырылғанын хабарлайды. Жағдайы тұрақты», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.