Безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім: Семей білім бөлімінің басшысы қызметінен қуылды

Фото: Pixabay.com

Абай облысының білім басқармасы мұғалімдерді Семей шыршасын безендіруге тарту фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Бұл туралы Абай облысының білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев заңсыз жұмыстарға үш мектептен үш мұғалімнен жұмылдырылғанын анықтаған. Бұл мектептердің  директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Семей Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту фактісі бойынша Абай облысының білім басқармасы барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс бастады. Заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады», — делінген басқарманың хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін шыршаны безендіру кезінде мұғалім  Қуат Айтқалиев жарақат алғаны хабарланған.

Ал, Білім министрі Ғани Бейсембаев оның отбасына қолдау білдіріп, мұғалімдерді өзіне тән емес қызметке тарту «Педагог мәртебесі туралы» заңға үзілді-кесілді қайшы келетінін айтты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л