Алматыда метро құрылысы: әкімдік 1 млрд теңгеге дейін қарыз алуды жоспарлауда

Фото: almatycity.kz

Алматы әкімдігі қаладағы жаңа метро желілерінің құрылысына 1 млрд теңгеге дейін қарыз алуды жоспарлап отыр. Әкімдік қызметкерлері ықтимал кредиторлармен келіссөздер жүргізіп, қарыздың ең жақсы шарттарын таңдайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында қала басшысы Ерболат Досаев хабарлады.

Ол Алматыдағы метроны екі бағытта дамытуды жоспарлап отырғанын еске салып өтті: «Қалқаман» станциясынан «Барша» станциясына дейінгі метроның құрылысын аяқтау — 5,3 км, және «Жібек Жолы» станциясынан әуежайға дейінгі тармақты жалғастыру — шығыс бағытта 4 км. Жалпы алғанда 19,5 км салу жоспарланып отыр.

«Қазір мұндай жобаға (метро құрылысы — авт.) республикалық бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсету үшін бюджет заңнамасын өзгерту жүріп жатыр. Мәжілісте бізді қолдады және біз сенаттағы жұмыстың аяқталуын күтіп отырмыз. Түзетулер күшіне енгеннен кейін біз қажетті қаражатты ұсыну туралы ресми келіссөздерді жалғастыра аламыз», — деді қала басшысы.