«Челсидің» бас бапкері Алматыдағы «Орталық стадионның» сапасы туралы айтты

Фото: Chris Lee - Chelsea FC/Chelsea FC via Getty Images

«Челси» футбол клубының бас бапкері Энцо Мареска УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында өткен «Астанаға» қарсы матчтың қорытындысын жасады. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Челси» футбол клубы сырт алаңда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің 5-турында «Астананы» 3:1 есебімен жеңді. УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің 6-тур ойындары 19 желтоқсанда өтеді.

«Мен ойын алдында да айтқан едім, мұндай матчтар әрқашан оңай болмайды: нашар ауа райы, ұзақ уақыт ұшу, алаңның сапасы да керемет емес. Соған қарамастан, біз бәріне лайықты деңгейде төтеп бердік. Мен бүкіл командаға, әсіресе жас ойыншыларға өте ризамын. Оларға бізбен бірге ойнау мүмкіндігін бергеніме қуаныштымын», — деді Энцо Мареска TNT Sports арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, осы жеңістің арқасында лондондық клуб 15 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке дара көш бастады. Ал «Астана» футбол клубы аталмыш матчтан кейін турнир кестесінің 28-сатысына сырғыды. Қазіргі уақытта елордалық команданың қоржынында 4 ұпай бар.