13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды , деп хабарлайды «ozgeris.info» «Антикорға» сілтеме жасап.
Антикор мәліметінше, ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд теңгеден астам мөлшердегі сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Алайа ззаңнамаға сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ