«Ажырасқан әйелдерді енді түсіндім, қолдауларыңыз керек»: Жанқош Тұраровтың әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: жеке парақшасынан

Танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса жеке өмрінен сыр шертті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Желі жұлдызы қыз-келіншектердің жеке табысы болуы керегін айтып, оқырмандарынан қолдау білдіруді сұрады.

“Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің ойыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйел адамның өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керегін ұқтым. Ажырасқан әйелдерді қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін”, – деп жазды боксшының әйелі.

Фото:instagram.com/klarita_os