Сыртқы әлем мен ішкі әлемнің айырмашылығы неде?
Біз, адам баласы, біріншіден, бір уақытта екі әлемде өмір сүретінімізді түсінуіміз керек. Ол — сыртқы және ішкі әлем. Сыртқы әлем — біздің өмірімізде орын алатын мән-жайлар мен жағдайлар әлемі. Ал ішкі әлем — бұл біздің ойларымыз бен реакцияларымыздың әлемі. Олар бір-бірінен мүлдем өзгеше екі әлем. Біз бұны бір әлем деп ойлап, өмірде үлкен қателіктер жібереміз. Иә, біздің көпшілігіміз, біз өз өмірімізбен өмір сүріп жатырмыз және біздің өміріміз — біз өмір сүретін үлкен әлем деп санайды.
Сыртқы әлем бұл — сіз және сіздің жаныныздағы адамдардан, жалпы алғанда қоршаған ортадан, қоғамнан тұрады. Ішкі әлем бұл – сіздің ойларыңыз, эмоцияларыңыз және сезімдеріңізден тұрады.
Мысалы, дәл қазір сіз осы мақаланы оқи отырып, сіз сыртқы және ішкі әлемде бола аласыз. Яғни, отырған жеріңізде сыртқы әлемде бола аласыз, ал егер де бұл мақаланы оқи отырып, сізге қызық емес бола бастаса, сіз ішкі әлеміңізде мүлдем басқа жерде болуыңыз мүмкін. Сіз кез-келген нәрсені ойлауыңыз мүмкін, тек осы мақаланы емес. Біз бұлай үнемі жасаймыз. Мысалы, біз көлік жүргізгенде, біз сол көліктің ішінде боламыз. Сол көлікті айдауға әрекеттер жасап, қолымызбен рөлді ұстап, педальді басамыз. Мұның барлығы біздің сыртқы әлемімізде болып жатқан жағдайлар. Ал ішкі әлемімізде мүлдем басқа нәрселерді ойлаймыз. Біз басымызда бір сценарийлерді жоспарлап бастаймыз.
Тағы бір мысал келтірейік, сіздің бастығыңыз келіп, сізге: «Сіз атқарған жұмысыңызға шынымен біздің көңіліміз толды, және біз сізді осы жұмыста жоғарылатқымыз келеді»,- дейді. Бұл — сіздің сыртқы әлеміңізде шынымен де жақсы нәрсе болып жатқанының дәлелі. Бұл ретте сіз ішкі әлеміңізбен жауап бересіз. Және сіздің сенімділігіңіз кенеттен артып, бұл өмірде өзіңізді керемет сезіне бастайсыз. Осылайша, біз сыртқы әлемдегі болып жатқан жағдайларға, ішкі әлемімізбен жауап қайтарамыз. Ал егер керісінше, сізді жұмыстан шығарып жатса, тиісінше сіздің сенімділігіңіз азайып, өзіңізге күмәнмен қарап, мазасызданып, уайымдай бастайсыз. Нәтижесінде, сізде ешқандай күш қалмайды, себебі сіз үнемі реакция жағдайында өмір сүресіз. Сондықтан, екі әлемнің өзгешелігін түсіну өте маңызды. Себебі, олардың әр қайсысында өзінің заңдары, динамикасы бар. Олардың әр қайсысында өзіндік мүмкіншіліктері, өзіндік шындықтары бар. Мысалы, сенімділікті алайық, ол сыртқы әлемде жоқ. Сыртқы әлемде уайым да жоқ. Біз сана арқылы өз өмірімізді интерпретациялаймыз. Яғни, түсіндіреміз.
Күш-жігер бізге қайдан келеді?
Барлығының бақытты болғысы келеді, солай емес пе? Барлық адам бақытын іздейді. Бірақ бұл өмірде және сыртқы әлемде бақыт болмайды. Бақыт — ішкі әлемнің бөлігі. Осылайша біздің әлеміміз, біздің санамыз айнаға ұқсас бейнеге айналады. Біз өмірде бізбен болып жатқанның бәрін бейнелеумен ғана айналысамыз. Барлығы керемет болған кезде, біздің санамыз, ішкі әлеміміз қуанышқа бөленеді. Ал барлығы нашар болған кезде, біздің санамыз үрейлене бастайды.
Осылайша, біз өз қиялымыздың өрмегінде тұрып қаламыз. Нәтижесінде бізде ешқандай күш-жігер қалмайды. Ендеше, күшті қайдан және қалай аламыз? Күш біз өз санамызда сыртқы әлеммен шектелмейтінін түсінген кезде, сол күні, сол уақытта және сол минутта бізге келеді. Біз өзіміз таңдаған ойларды ойлай аламыз. Біз бір уақытта екі әлемде өмір сүретінімізді түсінуіміз өте маңызды.
Адам ой-санасының заңдарының ерекшеліктері қандай?
Барлық нәрсенің себеп-салдары болады. Бізді қоршаған ғаламдағы барлық нәрсе заңдармен басқарылады. Мысалы, екі атом сутегі мен бір оттегіні қосқан кезде, H2O, яғни су пайда болады. Бұның барлығы да заңдармен басқарылады. Логикалық тұрғыдан қарасақ, бізді қоспағанда, ғаламдағы барлық нәрсе заңдармен басқарылады. Жақсы және жаман мағынада да біздің жолымыз болды. Біздің тағдырымыз бар. Алайда бізбен не болып жатқанын басқаратын дәл осындай заңдар бар сияқты. Бұл маңызды заң мынадай: — бізбен болып жатқан барлық нәрселердің себебі, біз өзіміз болып табыламыз. Біз өмірімізде болып жатқан барлық нәрсені өзіміз жасаймыз. Бізге осы болып жатқан барлық нәрсенің себебі біз екенімізді, және бұл фактты қабылдағанды ұнатпаймыз. Әсіресе, өмірімізде жаман жағдайлар болып жатса, біз бірден «бұл — мен, ал бұл менің өмірім» деп, ол екі бөлек нәрсе сияқты айтқанды ұнатамыз. Бірақ сіздің өміріңіз – бұл сіздің көрінісіңіз. Егер де сіздің өміріңізде болып жатқан жағдайлар ұнамаса, өмірді кінәлаудың қажеті жоқ. Керісінше, өзіңіздің ішкі әлеміңізге үңіліңіз.
Біз өз ойымызды өзгертсек, біздің өміріміз де өзгеретіні сөзсіз. Күш ол сыртқы әлемде емес, біздің ішкі әлемімізде болады. Біздің өмірлік күшіміз ол — біздің санамызда. Осы сәттен бастап, біз өзімізді бақылауға алайық. Осы сәттен бастап, біз өзімізге жауапты болайық. Біз күнде сан түрлі ойларды ойлаймыз. Ендігі біздің ойларымыздың нәтижесі қандай болмақ? Тіпті, ой дегеніміз не? Ой-санамыздың өзінің заңдары бар. Осы заңдар арқылы біз осы сұраққа жауап ала аламыз. Ендеше ол қандай заңдар?
Ең бірінші заң– ойлар — бұл шынайы күштер.
Екінші заң– сана — ол ойлардың таратушы және қабылдаушы станциясы.
Үшінші заң– бұл тартылыс заңы. Тартылыс заңы бойынша, эмоцияларға толы ойлар және эмоциямен ойлайтын ойларымыз бір біріне магниттеліп, соған ұқсас ойларды ойлауға тартады.
Төртінші заң– бұл бақылау заңы. Бақылау заңы бойынша, бізде әрдайым неше түрлі ойлар туады. Сонымен қатар, біз бұл ойларды қабылдауға немесе оларды жіберуге күш пен қабілетіміз бар.
Бесінші заң–бұл енгізу заңы. Бұл заң біздің кез-келген ойды өз ойымызға салуға күшіміз бен қабілетіміз бар екенін айтады.
Алтыншы заң– бұл байланыс заңы. Байланыс заңы, сыртқы және ішкі әлем байланысты деп тұжырымдайды. Ой-сана үнемі қозғалыста және де ол әрдайым көп нәрселерді ойлап тұрады. Сананың бір өзіндік ерекшелігі бар. Оны біз «Ұлы алдаушы» деп атасақ та болады. Сіздің ой-санаңыз ол– ұлы алдаушы.
Бұл атаудың астарында мыналар жатыр: сіздің санаңыз сізді алдайды, сізбен ойнайды және санаңыз сізді керемет мүмкіншіліктеріңіздің көбісінен шектеп тұрады. Олар сіз ойлағаннан да көбірек. Және сіздің санаңыз сізді өте жақсы біледі. Сіздің санаңыз сіздің құпия жеңілістеріңізді, үлкен қорқыныштарыңызды, және ешкіммен бөліспеген нәрселеріңіздің барлығын біледі. Тіпті жақын адамыңызбен бөліспеген шындықтын барлығынан мәлім. Сіздің санаңыз, сіз қорқатын нәрсені алып, оны өзінің ішінде жобалап, айтады: «Қане, сенімен не болып жатқанын түсініп көр», — дейді. Ол сізді сол нәрсені анықтауға мәжбүрлейді. Сіздің санаңыз сізге жиі «сенің өміріңде бір нәрселер болады», — деп айтады. Және ақыр аяғында олай болмай шығады. Десек те, сана өз дегенімен, бұл нәрселер бізбен болатынын ойымызға сала береді және сала береді. Міне, біздің санамыз бізді осыншалықты жиі алдайды.
Сананың тағы бір ерекшелігі, онда біздің ішімізде айналып жүретін, пайдасыз ойлардың бар болуы. Пайдасы жоқ ойларға біз уайымды, алаңдаушылықты, негативті және қорқыныш сияқты эмоцияларды жатқызуымызға болады. Бірақ кейде қорқыныштың сіздің өміріңізден алатын орны бар. Алайда біз бір жаңа нәрсені байқап көруден қорқамыз. Танымайтын адамның жаныңа барудан қорқамыз. Біз өзіміздің болашағымызда болатын нәрселерден қорқамыз. Біз бүкіл әлемге осындай линза арқылы қараймыз және оны сезінеміз. Осылайша, біз таңертең оянған кезде, біздің санамыз бірден іске қосылып, өмірімізде күнделікті болатын күйбең тірлікті ойнап, баларымызды уайымдап, денсаулық жағдайымыздан мазасызданып, жұмыстағы әріптестермен келіспеушіліктерді ойлап, өткен өмірімізде болған жағымсыз жағдайды еске аламыз. Міне, дәл осы ойлардың мүлдем пайдасы жоқ.Осылай біздің күнделікті өміріміз өте береді. Себебі біз сананың заңдарын түсінбейтін қоғамда және мәдениетте өмір сүреміз.
Ішкі әлемді қалай дамыта аламыз?
Ал енді, осындай халімізбен ертеңгі күннен не күтеміз? Біздің алға қарай дамуымыз қалай болады?
Ішкі әлемді дамыту, яғни сананы дамыту ол өзіңді-өзің дамытудан басталады. Өзіңді дамыту ол өз тәжірибеңді кеңейту, өз мүмкіншіліктеріңді көбейту. Сондықтан біз, ең алдымен, барлығын өзімізден бастау керекпіз. Ішкі әлеміміздегі ойларды ретке келтіріп, оны сыртқы әлемдегі болып жатқан жағдайлармен дұрыс үйлестіру өте маңызды. Оған септігін тигізетін бірнеше фактор бар. Мәселен, өзіңіздің менталды денсаулығыңызға көңіл бөлу. Бұл сіздің ішкі сезімдеріңізді ретке келтіруге көмегін береді.
Осы ретте физикалық денсаулықтың маңыздылығын айта кеткен жөн. Физикалық денсаулық ең алдымен сіздің физикалық дамуыңызға өз үлесін қосады. Сонымен қатар ол деніңіздің сау болуыңа кепіл бере алады. Физикалық денсаулық-бұл тұрақты физикалық белсенділіктің, дұрыс тамақтанудың және жеткілікті демалудың нәтижесі. Психикалық денсаулықпен қатар адамның жалпы денсаулығын құрайды. Алайда, физикалық денсаулық пен менталды денсаулықтын бір-бірімен байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Адам оңтайлы физикалық күйде болуы мүмкін, бірақ сонымен бірге психикалық бұзылулардан зардап шегеді және стресстің әсерінен депрессияға да ұшырауы мүмкін. Сондықтан физикалық денсаулық психикалық (эмоционалды, менталды) және рухани денсаулыққа тікеней байланысты. Физикалық денсаулықты нығайту үшін кейбіреулер эликсир, диета іздейді, басқалары әртүрлі жаттығулар мен қатайту әдістерін қолданады, ал басқалары оккультивті білім арқылы күш алуға тырысады. Бірақ олардың бәрі сау болмайды, өйткені дененің физикалық денсаулығы сау ойлармен тікелей байланысты. «Жаман және лас» ойлар мен тілектермен «ауыратын» адам ешқашан денсаулығы мықты және күшті болмайды.
Сіздің ішкі кеңістігіңізді белсенді болуыңа табиғат та өзінің септігін тигізе алады. Оның ішінде серуендеу, саяхаттау маңызды рөл атқарады. Егер адам жаңа орындарға, жаңа елді мекендерге тұрақты барып тұрса, оның таным көкжиегі ашылып, өз тәжірибесін кеңейтетін болады. бұл ой санамызға әсер етумен қатар, табиғатпен үнемі байланысты болу адамның рухани дамуына да көмектеседі.
Осы орайда, өзіңіздің хоббиіңізді, жақсы көретін ісіңізді де ұмытпаған жөн. Біреулер үшін бұл жай ғана ермек болуы мүмкін. Алайда, сіз өзіңіздің жақсы көретін ісіңізбен айналысу арқылы өзіңізді жеңіл сезініп, қуанышқа бөленесіз. Ғылыми тұрғыдан алғанда, сүйікті іспен айналысу барысында, миыңызда бақыт гармоны – эндорфиндердің, және рахат гармоны –дофаминнің көп мөлшері шығарылады екен. Әр адамның өзінің сүйікті болатыны сөзсіз. Ал болмаған күннің өзіңде, хобби іздеуіңізге де болады. Әлемде көптеген қызықты нәрселер бар. Жаңа нәрселерді байқап көріңіз. Осылайша, сіз өз қызығушылық шеңберіңізді кеңейтесіз. Көп адамдар сүйікті ісіңе уақытымыз жоқ дейді. Сіздің ондаған және жүздеген сағатыңыз ескі әдеттеріңізге бекер жоғалып жатыр емес пе?
Сонымен қатар, жақын жандарыңызбен ара-қатынастарыңыз жақсы болуы өте маңызды. Жақындарыңызды жиірек қуантып тұруға тырысыңыз. Айналадағы адамдарға қамқорлық көрсетіп, жақсылық жасауға ұмтылу, бұл оң әрекет. Бұл да бір энергияның көзі десек те болады.
Өзіңізді жан жақты дамытыңыз. Оқыңыз, көріңіз, ізденіңіз, армандаңыз. Алдыңызға мақсат қойып, сол мақсатыңыздың орындалуы үшін әрекет жасаңыз! Іске сәт!
Ұлбосын ТЫНЫШБАЙ.
ПІКІР ЖАЗУ