Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады

Мамандардың мәлімдеуінше, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа-райы тұрақсыз болады.

«Жақын күндері атмосфералық толқындар өтуіне байланысты ауа-райы өзгереді. Республиканың солтүстігінде қар жауады, оңтүстігінде жаңбыр жауады. 30 қараша мен 1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады», — делінген хабарламада.

Тек батыс аймақтарда ғана ауа-райы жауын-шашынсыз, тұрақты болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.