Қазақстандық әнші Сейфуллин Жолбарыс әлеуметтік желі арқылы маңызды мәлімдеме жасады. Ол әйелі Екатеринамен ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әнші экс-жұбайымен бірге түскен суретті 2024 жылдың 17 қарашасында Instagram-да жариялады. Сондай-ақ, жазбада екеуінің екі жыл бұрын ажырасқанын және бұл ортақ шешім болғанын жазды.
«Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз»,- деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.
Бұған қоса, журналистерден және өзге де адамдардан осы тақырып бойынша артық сұрақтар қоймауын сұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, Сейфуллин Жолбарыс екі рет отбасын құрған. Бірінші некеден оның екі баласы бар. Екінші әйелі Екатерина болса, оған екі қыз сыйлады.
Ақпарат zakon.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ