Танымал психолог Ержан Мырзабаев үш бала туу жеткілікті деп санайтынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ата-ана баланың санына емес, сапасына, отбасында дұрыс тәрбие алуына мән беруі керек.
«Декретке бір кіріп, 10-15 жыл декреттен шыға алмай кететін әйелдер бар. Бірінен кейін бірін, 5-6 бала туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Әрине, Қазақстанның демографиясының артуын қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, нервіңіз кетіп, миыңыз ашып, психикаңыз бұзылатын болса, ашулы болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық, айқай шу, ұрып-соғатын болсаңыз, нервный болып, күйеуіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл 6 баланың, өкінішке қарай, сізден алар пайдасы аз. Одан да 3 бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын», — дейді маман.
ПІКІР ЖАЗУ