«Атамекен» таратылуы керек: Кәсіпкерлер альянсы шағын бизнесті қолдау керектігін айтты

Фото: biz.kz

«Парасат» кәсіпкерлер альянсы мен BAYTAQ жасыл желектер партиясы «Атамекен» ҰКП-ны трансформациялауды немесе таратуды ұсынды, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Парасат» басшысы Олег Пактің айтуынша, ұлттық палата шағын және микробизнесті қолдауға, штатты айтарлықтай қысқартуға және аппараттың тиімділігін арттыруға назар аударуы қажет.

Орта және ірі бизнес мәселелері салалық қауымдастықтар арқылы шешілуі тиіс, деп санайды Пак.