Батпан құйрық: «Самұрық Қазына» топ-менеджерлеріне 200 млн теңгеге жуық сыйақы береді

Фото: baq.kz

«Самұрық Қазынаның» топ-менеджерлері бірнеше жыл қатарынан 200 млн теңгеге жуық сыйақы алады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

2023 жылы басқарма мүшелеріне жалпы сомасы 454,2 млн теңге сыйақы есептелді. Басқармаға 7 адам кіреді, сыйақылардың жалпы сомасы 605,6 млн теңгені құрады.

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС басшысы 2022 жылдың 11 айында 74,9 млн теңге алды. Бұл ретте кәсіпорынның таза пайдасы 38,5 млн теңгені құрады

«Самұрық-Қазына» еншілесі — «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС 2016 жылы құрылды. Кәсіпорын қордың сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру бойынша бизнес-процестердің аутсорсингі қызметтерін көрсетеді; бағдарламалық қамтамасыз етуге лицензияларды ауыстыру, беру, қайта бөлу; қор бақылайтын компаниялардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық сүйемелдеу.

Бұл компанияға жақсы пайда әкеледі. «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» бизнес-процестердің аутсорсинг қызметтері үшін 1,1 млрд теңгеден астам, ал техникалық қолдау мен әкімшілендіру үшін 246 млн теңге төледі.

2022 жылғы аудиттелген есептің деректері бойынша ЖШС таза пайдасы 38,5 млн теңгені құрады. Бірақ ең қызығы — бас директор 11 айда таза пайдаға қарағанда 2 есе көп алған.

Жеке қаржылық есептілікке сәйкес негізгі басшы қызметкерлерге, атап айтқанда бас директор Александр Личаченкоға 74,9 млн теңге сыйақы төленді. Бұған жалақы, сыйақы, әкімшілік шығындар және өзге де төлемдер кірді. Личаченконың «Самұрық-Қазына Бизнес Сервисіндегі» ең жоғары лауазымға 2022 жылдың ақпанында орналасқанын ескерсек, ол орта есеппен ай сайын 6,8 млн теңге алатын, 2023 ол 8,4 млн теңгеге дейін өсті.

Салыстыру үшін, 2021 жылы үш топ-менеджер сыйақы ретінде 67,1 млн теңге алды. Орта есеппен олардың әрқайсысына ай сайын картаға 1,8 млн теңге аударылды.

2022 жылы қызметкерлер сыйлық ретінде 172 млн теңгеден астам қаражат алды. Қызметкерлерге барлығы 274 млн теңге төленді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 68,2 млн-ға артық.