Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мың киік мүйізі тәркіленді (ВИДЕО)

Бейнеден кадр

Алматыда полиция қызметкерлері үйінен 4,5 мыңға жуық киік мүйізі табылған 58 жастағы Қытай азаматын ұстады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам Жетісу ауданындағы жеке меншік үйлердің бірінде қызыл кітапқа жазылған 50 қорап сақтаған.

Ұсталғанның айтуынша, ол мүйізді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта пайдалану үшін отанына апаруды жоспарлаған. Алу операциясын Алматы қаласының «Киберпол» бөлімшесінің қызметкерлері жүргізді.

«Киікті заңсыз аулау, жою, яғни заңсыз ауланған киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйізін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Киік мүйізін өткізу арнасы орнатылуда»,-деп хабарлады Алматы қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Талант Исаев.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде және басқа да егжей-тегжейі жарияланбайды. Күдікті тек сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана кінәлі деп танылады.