«Жауапкершілікке тартылады» — Министрлік сатылымға шыққан Маргарет Тэтчердің орденіне қатысты пікір білдірді

Фото: ғаламтордан

Әділет министрі Азамат Есқараев Маргарет Тэтчерге берілген «Достық» орденінің саудаға түсуіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Ozgeris.info Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында желіде британдық саясаткер Маргарет Тэтчерге тиесілі «Достық» орденінің сатылып жатқанына қатысты ақпарат тараған болатын.

Әділет министрі М.Нәрікбаев атындағы университетте тілшілерге берген сұхбатында бұл мәселеге де тоқталып өтті.

«Бұл ақпараттан хабардармыз. Әрине, біздің заңнама бойынша мемлекеттік наградаларды сатуға болмайды. Бұл үшін біздің Қылмыстық кодексте жауапкершілік бар. Егер адам мемлекеттік наградаларды саудаласа, тиісті жауапкершілікке тартылады. Маргарет Тэтчер тарихи тұлға болғандықтан, олардың жеке заттарын, құжаттары мен хаббарын аукционға шығару тәжірибесі бар. Бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі», — деді министр.

Министр бұл мәселе бойынша тексеру жүргізу, жауапқа тарту сияқты шараларға Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет министрлігі жауапты екенін айтты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!