«ҚазҰУ тарихты қайта жазуды қолдайды ма?». Ресейлік тарихшылар Қазақстанның отарлануын жойғысы келеді

tobolinfo.kz

2024 жылғы 18 қазанда ҚазҰУ тарих факультетінде «Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихы» және деколонизация «дискурсы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ұйымдастырушылар Ресей тарихшылары ҚазҰУ-мен бірлесе отырып, Украина мен ТМД елдерінде өшпенділікті қоздырды деп айыпталған «Русский мир» қорының қолдауымен болды.

Іс-шараның ресми хабарландыруларында «деколонизация» дискурсы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста қажетсіз шиеленіс туғызатын ғылыми емес және арандатушылық деп саналады делінген. Қазақстан тарихында шешуші мәнге ие отарлау, ұлттық-азаттық қозғалыстар мен саяси қуғын-сүргін мәселелері осы дөңгелек үстелде негізгі мәселе болған жоқ.

«Орыс әлемі» қоры мен ҚазҰУ «ыңғайсыз» сәттерді қоспағанда, «жалпы тарихи өткенге оң көзқарас» қалыптастыруға ұмтылады.

Ақпарат qumash_kz instagram парақшасынан алынған.