«Оскарсыз актер»: Атышулы Хасан Tik-Tok желісінде тікелей эфирге шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Марқұм Шерзат Полаттың ісі арқылы танылған Хасан Қасымбаев тікелей эфирге шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Tik-Tok желісінде «Ағалық болашақ» есімімен танымал  қоғам белсендісі Хасанның қатысуымен тікелей эфирге шыққан. Қасымбаевтың сөзінше, бұл қылмысқа оның мүлдем қатысы жоқ.

«Менің қатысым жоқ. Жеке кәсіппен айналысамын. Өзім де әлеуметтік желіден естідім. Сол ауылда тұрғаным рас. Қылмыс жасағандарды танымаймын енді ғана танып жатырмын. Менің атымды атаған Шерзаттың әкесі — Қаржаубай. Бұл іске барғандар жазасын толық алсын», — дейді ол видеода.

Желі қолданушылары болса, Хасанның сөзіне сенбнейтіндерін жарыса жазды.

«Қалай танымаймын дейді. Ішіндегі біреуі достығында тұр ғой», «Көзі жыпылықтап, тұтығып өтірік сөйлеп тұрғаны көрініп тұр», «Мен қылмыс жасаймын деп ашық айтпайтыны белгілі», «Оскарсыз актер», — деді олар.

Алайда Хасан Қасымбаевты қолдағандар да жоқ емес.

Watch on TikTok


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…